blog Images

«Бекет ата һәм Ихсан ілімі» атты семинар өтті

Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешітінде «Бекет ата һәм Ихсан ілімі» атты өңіріміздің дін қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды.

Танымдық шара аясында PhD доктор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, белгілі исламтанушы ғалым Мұхиддин Исаұлы Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастаған Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары мен ұстаздарына дәріс оқыды.