blog Images

Бейнеу ауданы:Республика күніне орай тазалықшыларға көңіл бөлінді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында  Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде  қала тазалықшыларына қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала  көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүретін қала тазалықшыларын қолдау мақсатында өткен игі шарада  мешіт қызметкерлері 30 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді.Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.