Бейнеу аудандық мешітінде Құран жарысы өтті
Бейнеу аудандық орталық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы»мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті.
Рухани сайысқа мешіт шәкірттері қатысып, Құран сүрелерін жатқа оқу мен тәжуид ережелері бойынша білімдерін сынға салды. Шараның басты мақсаты – жастар арасында қасиетті Құранды насихаттау және шәкірттердің білімін шыңдау.
Сайыс барысында мешіттің бас имамы Адайбек Мақанұлы қатысушы шәкірттерге сәттілік тілеп, олардың білім алу жолындағы талпыныстарына береке тіледі.
Жарыс қорытындысында жүлделі орын иелеріне ақшалай сыйлықтар мен арнайы сертификаттар табысталды. Рухани шара шәкірттердің Құранға деген қызығушылығын арттырып, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.
