Бейнеу аудандық мешітінде «Адал ас-шариғат талабы»семинары өтті
Бейнеу аудандық Ыбырайым азун Құлбайұлы мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған«Адал ас – шариғат талабы» атты семинар өтті.
Семинар барысында мешіт ұстазы адал астың маңызы, шариғаттағы халал және харам үкімдері, сондай-ақ тағамдық қоспалардың (құрамындағы ингредиенттердің) рұқсат етілуі жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға әйел жамағаты қатысып, күнделікті тұтынатын азық-түліктің халалдығына мән беру, дұрыс тамақтану мәдениеті және отбасы дастарқанындағы адалдық қағидалары туралы маңызды мәліметтер алды.
