Баянды мешіті: Тыл ардагеріне құрмет көрсетілді
9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
Алғашқы шара аясында Баянды ауылының имамы Саламат Түгелбайұлы ауыл әкімі Дастан Яхияұлы бастаған бір топ белсенді азаматқа алғыс хаттар табыстады.
Осыдан кейін Құран аяттары оқылып, елді мекендегі Жеңіс саябағының ортасындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Салтанатты шара аяқталғаннан кейін Дастан Яхияұлы және Саламат Түгелбайұлы тыл ардагері Әбдіғалым Мамытұлының шаңырағына барып, ақсақалды Жеңіс күнімен құттықтады. Ардагерге құттықтау хат табыс етіліп, азық түлік себеті және тұрмыстық техника сыйға берілді.