Баянды ауылының имамы түсіндірме жұмыстарына қатысты
Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінің имамы Саламат Түгелбайұлы жергілікті №3 орта білім беретін мектебінде өткен түсіндірме жұмыстарына қатысты.
Білім ордасында өткен шараға ауыл әкімі Дастан Яхияұлы, мешіт имамы Саламат Түгелбайұлы, Мұнайлы аудандық мәслихат депутаты, аудандық аурухана меңгерушісі Тілеген Мақсатұлы, «Каспий» футбол клубының ойыншысы Алмас Нұрбергенұлы және «Каспий» футзал клубының ойыншысы Ербол Жұмахан қатысты.
Саламат Түгелбайұлы өз сөзінде бітіруші түлектерге үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру – қазақтың ықылым заманнан бері бұлжытпай, қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан ата дәстүрі екенін айтты. Сондай-ақ, адам баласының өзіне зиян келтіретін нәрселерден аулақ болуының маңыздылығын түсіндірді.