blog Images

Баянды ауылында қаза болған сарбаздардың рухына Құран бағышталды

Баянды ауылщық мешітінде әскери қызмет барысында қаза болған сарбаздардың рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.

Жиын барысында Алланың разылығы мен елдің амандығын тілеп, өмірден өткен сарбаздардың туған-туыстарына көңіл шай берілді. Ауыл тұрғындары бірлесе отырып, бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша садақа жасап, марқұмдардың рухына дұға бағыштады.

Сонымен қатар, ас соңында қаза болған сарбаздардың рухына Құран хатым түсіріліп, дұға жасалды. Жиын барысында жамағатқа уағыз-насихат айтылып, имандылық пен ізгілік құндылықтары дәріптелді.