blog Images

Баянды ауылдық мешітінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді

Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінде тазалық акциясы ұйымдастырылды.

«Тазалық – иманның жартысы» деген ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін басшылыққа алған дін қызметкерлері мен жамағат бірлесе отырып, құлшылық үйінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда ағаштардың діңдері әктеліп, топырақтары қопсытылып, мешіт территориясы күл-қоқыстан тазартылды.