blog Images

Баянды ауылдық мешітінің ауласына ағаш отырғызылды

Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай, жергілікті әкімдіктің қолдауымен құлшылық үйінің ауласына 10 түп шырша ағашы отырғызылды.

Игі шарадан кейін жергілікті дария көңіл ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымызға ауызашар дастарқаны жайылды.