Баянды ауылдық мешітінде жамағатпен айлық отырыс өтті
Баянды ауылдық мешітінде жамағатпен кезекті айлық отырыс ұйымдастырылды.
Жиын барысында мешіттің наиб имамы Шағалақ Мейрамбек қасиетті «Рамазан – рақым айы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Айлық отырысқа мешіт жамағаты қатысып, Рамазан айының рухани мәні, құлшылықтың маңызы және ізгі амалдарды арттыру жайында тағылымды ойлар айтылды.
