blog Images

Баянды ауылдық мешітінде жамағатпен айлық отырыс өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы ауданына қарасты  Баянды ауылдық мешітінде жамағатпен айлық отырыс өтті.

Мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту мақсатында жайылған ақ дастарханның қонағы болып  РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы қатысып,»Амалдар ниетке байланысты»тақырыбында   жиылған жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Игі дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.