Баянды ауылдық мешітінде тасаттық намазы оқылды
Баянды ауылдық мешітінде жамағат пен ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен мешіт ауласында тасаттық намазы оқылды.
Игі шараға жиналған жұртшылыққа бас имам Саламат Түгелбайұлы тасаттық садақасының мән-мағынасы мен маңызын кеңінен түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізді.
Садақа соңында жиналған қауыммен бірге екі рәкәғат истисқа намазы оқылып, Жаратқаннан жаңбыр тілеп, елдің амандығы мен берекесі үшін дұға жасалды.
