blog Images

Баянды ауылдық мешітінде сенбілік өтті

Бүгін Баянды ауылдық мешітінде мешіт қызметкерлері мен жамағаттың бірлесе қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізіліп, сенбілік ұйымдастырылды.

Игі шара барысында мешіт ауласы ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығына мән берілді.

Сонымен қатар, «Бір тал кессең, он тал ек» жобасы аясында мешіттің бау-бақшасына жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл игі бастама табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.