blog Images

Баянды ауылдық мешітінде Рамазанға қатысты Пәтуа сағаты өтті

Қасиетті Рамазан айында Баянды ауылдық мешітінде жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» өтті.

Кездесу барысында мешіттің бас имамы Саламат Түгелбайұлы Рамазан айына қатысты пәтуалар мен шариғи үкімдер жайында түсіндіріп, оразаның маңызы туралы насихат айтты. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.