blog Images

Баянды ауылдық мешітінде «Рамазанда тегін такси»акциясы өтті

Қасиетті Рамазан айында Баянды ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазанда тегін такси» қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шараның мақсаты – ораза ұстаған жамағатқа, қарттар мен мұқтаж жандарға көмек көрсету, олардың мешітке қатынап, ауызашар мен тарауих намаздарына уақытылы жетуіне жағдай жасау.

Акция аясында ауыл тұрғындарына  тегін тасымал қызметі ұсынылып, Рамазан айының мейірім мен жанашырлыққа толы рухы насихатталды.