blog Images

Баянды ауылдық мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық»қоры және Баянды ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы 40 отбасыға азық-түлік қоржыны табысталды. Қайырымдылық көмекті мешіттің бас имамы Саламат Айтбайұлы табыстап, жиналған жұртты қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Сондай-ақ мешіт бас имамы Рамазан айының берекесі мен сауабына тоқталып, жамағатты жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шақырды.