blog Images

Баянды ауылдық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды

Қадір түнінің құрметіне Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінде арнайы шара ұйымдастырылды.

Абдулазиз және Берекет есімді қарилардың имамдық етуімен тарауық намазы оқылғаннан кейін, мешіт имамы Саламат Түгелбайұлы Құран хатым дұғасын жасады. Осыдан кейін қариларға құрмет көрсетіліп, ақсақалдар ізгі тілектерін білдірді.