Баянды ауылдық мешітінде мәйітті кебіндеу бойынша тәжірибелік дәріс өтті
Баянды ауылдық мешітінде жамағатқа мәйітті кебіндеу бойынша практикалық дәріс өтті.
Жамағатқа шариғат талаптарына сай мәйітті жуындыру мен кебіндеу рәсімдерін үйрету, діни сауаттылықты арттыру мақсатында өткен дәрісті мешіттің наиб имамы Шағалақ Мейрамбек жүргізді.
Тәжірибелік дәрісте мәйітті жуындыру, кебіндеу және жерлеуге дайындау тәртібін кезең-кезеңімен түсіндіріп, тәжірибелік түрде көрсетіп өтті. Сонымен қатар, әрбір амалдың мән-мағынасына тоқталып, бұл істің жауапкершілігі жөнінде кеңінен насихат айтты.
