blog Images

Баянды ауылдық мешіті: Наиб имам жазасын өтеушілермен кездесті

Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Есенбекұлы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.

Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Мейрамбек Есенбекұлы «Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа» тақырыбында насихат айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.