blog Images

Баянды ауылдық мешіті: Наиб имам ата-аналармен кездесті

Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Есенбекұлы №3 орта мектебінде өткен ата-аналар жиналысына қатысты.

Білім алушылардың ата-аналарымен өткен кездесу барысында Мейрамбек Есенбекұлы бала тәрбиесінің маңыздылығы туралы сөз қозғап, әке-шешенің бала-шағасының алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктеріне қатысты қағидаларды қамтып насихат айтты.