blog Images

Баянды ауылдық мешіті 10 отбасыға қайырымдылық жасады

Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешіті кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қасиетті Ережеп айының құрметіне жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің имамы Саламат Түгелбайұлы 10 отбасыға азық-түлік салынған себеттерді үйлеріне дейін жеткізіп, қолма-қол үлестіріп берді.

Баянды ауылдық мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!