blog Images

Баянды ауылдық мешіті 10 отбасыға қайырымдылық жасады

Мұнайлы ауданына қарасты Баянды ауылдық мешіті кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Ізгі шара аясында құлшылық үйінің имамы Саламат Түгелбайұлы 10 отбасыға азық-түлік салынған себеттерді үлестіріп берді. Аталмыш шараға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жандардың үлесі үйлеріне дейін жеткізіліп, қолма-қол табыс етілді.

Баянды ауылдық мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!