«Басшы Айжанақұлы » мешітінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан»экологиялық жобасы аясында Бейнеу ауылдық “Басшы Айжанақұлы Әзірханов” мешітінде кезекті сенбілік өтті.
Сенбілік барысында мешіт алаңындағы құм, тас сияқты құрылыс материалдары жиналды. Мешіт айналасы тастанды-қалдықтар мен шөптерден тазартылып, мешіт ауласындағы қажетті жерлерге ағаш көшеті отырғызылды.
Атсалысқан барша жамағатқа айтар алғысымыз шексіз.
Іс шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.
