Басшы Айжанақұлы мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті
Бейнеу ауылдық «Басшы Айжанақұлы Әзірханов» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында мешіт тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж 11 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік себеттері табысталды. Бұл игі бастама Рамазан айындағы мейірім мен жанашырлықтың жарқын көрінісі болды.
Шара барысында мешіт имамы Ұзақбай Түркменбайұлы жиналған жұртты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – сауапты амал екенін атап өтті.
Сонымен қатар, сауаптар еселенетін берекелі айда осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.
