blog Images

«Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешіті: 20 отбасыға көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Ұзақбай Түркменбайұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған 20 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.

Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінің ұжымы осы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!