blog Images

«Басшы Әзірханов»мешітінде балалар күніне орай мерекелік шара өтті

Балаларды қорғау күніне орай Бейнеу ауылдық «Басшы Әзірханов» мешітінде бүлдіршіндерге арналған игі шара ұйымдастырылды.

Мешіттің наиб имамдары Мұстафа Кеңесбайұлы мен Өмірзақ Алланиязұлы балаларды төл мерекелерімен құттықтап, оларға ізгі тілектерін жеткізді. Шара барысында 60 бүлдіршінге балмұздақ таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Мұндай игі бастамалар жас ұрпаққа қамқорлық көрсетіп, олардың қуанышын еселеуге бағытталған. Балалар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.