blog Images

Басқұдық ауылында Ораза айт мерекесі атап өтілді

Ораза айт мерекесіне орай Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінді ауқымды шара ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Наурызбай Құралбайұлы және жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің ауласында ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өткізілді.

Сондай-ақ, құлшылық үйінің жамағаты үшін мерекелік дастарқан жайылып, балаларға тәттілер үлестірілді.