blog Images

Бас мүфтидің кеңесшісі облыстық мешітте жұма уағызын айтты

ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.

Іссапар аясында өңірдегі облыстық «Бекет ата» мешітінде «Тазалық – иманнан, Таза қоғам – мұсылмандықтан» тақырыбында жұма насихатын айтты.

Смайыл Сүйерқұлұлы мұсылман баласы үшін тазалықтың тек сыртқы емес, ішкі рухани тазалықпен де тығыз байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ қоғамның көркеюі мен өркендеуі әрбір адамның имандылығы мен жауапкершілігіне байланысты екенін жеткізді.

Тағылымды насихат соңында көпшілікке ізгі тілектер айтылып, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.