blog Images

Бас мүфти Қарағандыда жаңа мешіттің құрылысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлына жаңа мешіт құрылысын жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді. Бас мүфти мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.

Айта кетсек, Қарағанды қаласындағы 2000 адамға арналған құлшылық үйінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.