blog Images

Бас мешітте айт мерекесі ұлттық нақышта тойлануда

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық Бас мешіттегі айт намазынан кейін мерекелік іс-шараларға қатысты. 

Бас мүфти зәулім мешіттегі мерекелік іс-шараға атсалысып жатқан жамағатты ораза айтпен құттықтады. ҚМДБ Төрағасы айт мерекесі ұлттық нақышта тойланып жатқанын айта келе, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге айттық беріп, ақсақалдармен бірге дұға жасады.