blog Images

Бас имамның Жаңаөзендегі апатқа байланысты көңіл айтуы

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті Маңғыстаулықтар!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің, жергілікті дін қызметкерлерінің және өзімнің атымның Жаңаөзен қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын.

Маңғыстау облысының имамдары мен жамағаты Алла Тағалаға дұға етіп, қаза тапқан марқұмдардың туыстары мен отбасыларына шыдамдылық пен көркем сабыр тілейді.

Жаратушы Алла оқыс апаттан қаза тапқан жандардың дәрежесін арттырып, жәннатын нәсіп еткей.

Жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілейміз.

Әнуар қажы Ізімбайұлы,

Маңғыстау облысының бас имамы