blog Images

Бас имамның Наурыз мерекесімен құттықтауы

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті Маңғыстаулықтар!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің, жергілікті дін қызметкерлерінің және өзімнің атымнан сіздерді бірліктің, бауырластықтың, төзімділіктің, жасампаздықтың мерекесі — әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын.

Ертеден Наурыз мерекесі адам баласының жүрегінде асыл сезімдерді ұялатып, татулыққа, мейірімділікке және түсіністікке үндейді. Бұл — ренішті ұмытып, жақындарыңа қуаныш пен шаттық сыйлайтын күн.

Осы күні Алла баршамызға рухани қуанышты және Өзінің мейірімділігін сезінуді нәсіп етсін! Әр үйде жақсылық пен ізгілік, молшылық пен ырыс, денсаулық пен өзара түсіністік болсын деп тілеймін. Қадірлі мереке баршамызға құтты болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әмин!

Әнуар қажы Ізімбайұлы,

Маңғыстау облысының бас имамы