blog Images

Бас имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

Елордада ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен облыс бас имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

Дін қызметкерлеріне әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі тенденциялар мен проблемалар» тақырыбында дәріс өткізсе, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төреәлі Қыдыр Қазақстандағы сопылық мектептердің пайда болуы мен ұстанымдары жайлы мол мағлұмат жеткізді.