blog Images

Бас имам Желтоқсан қаһарманымен кездесті

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Желтоқсан оқиғасының куәгері, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің алғашқы иегері Айша Тұяқбайқызының шаңырағында болды.

Облыс бас имамы батыр апамыздың көңілін сұрап, келе жатқан көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Айша Тұяқбайқызы – Маңғыстау өңіріне белгілі «Парасат» қозғалысын құрған тарихи тұлға Сайын Шапағатовтың көмекшісі, қолдаушысы бола жүріп, сол кісінің тапсырмасымен Алматыға барған сапарында Желтоқсан көтерілісінің бел ортасына тап келіп, алаңда болған оқиғаның тікелей куәгері екенін айта кеткеніміз жөн.