blog Images

Бас имам Жаңаөзен қаласының әкімімен кездесті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласына арнайы іс-сапармен барды.Аталмыш сапар барысында бас имам Жаңаөзен қаласының әкімі  Қайнарбаев Жансейіт Исаханұлымен кездесті.

Жиынға Әнуар Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлерінен Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы қатысты.Кездесу барысында қаладағы діни ахуал, әлеуметтік жағдай және мешіттердің жай-күйі, халықты имандылық жолына бағыттау, жастар тәрбиесіне көңіл аудару сынды келелі мәселелер талқыланды.Жергілікті мешіттердің тыныс-тіршілігіне қатысты басқосуда облыс бас имамы өңірдегі діни ахуалды айта отыра,өңірді білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері жайлы тілге тиек етті.