Бас имам Түркияның бас консулымен кездесті
Бүгін ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Түркия Республикасының Ақтаудағы бас консулы Альптекин Сабри мырзамен кездесті.
Кездесу Түркия мен Сириядағы зілзаладан қайтыс болғандардың рухына қасиетті Құран аяттардан бағыштаудан басталды.
Осыдан кейін бас имам мен консул Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркия Дін істері басқармасы арасындағы ынтымақтастық, «Зекет және қайырымдылық» қоры арқылы Түркияда болған апаттық жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көрсетілген көмек, қасиетті Рамазан айында бауырлас елдің қарилары біздің елімізге келіп тарауық намаздарына қатысатыны жайлы сұхбат құрды.
Кездесу соңында Әнуар қажы Ізімбайұлы жаңадан тағайындалған бас консулдың игі бастамаларына сәттілік, жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.