blog Images

Бас имам «Төлей ишан» мешітінде жұма намазын өткізді

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінде уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

«Ислам кедей болуға үндемейді, бай болудың пайдасы» тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, құлшылық үйіне жиналған жамағатқа Алланың бергеніне шүкір ету, бермегеніне сабыр ету – Алланың сүйікті бай және кедей құлдарының сипаты екенін еске салып, байлық та, кедейлік те ұят нәрсе емес екендігін атап өтті.