blog Images

Бас имам «Сүйінғара батыр» мешітінде жұма намазын өткізді

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінде уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

«Рамазан – мейірім айы» тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, құлшылық үйіне жиналған жамағатты қасиетті айдың келуімен құттықтап, бұл мезгілдің әрбір уақытын, әр сәтін бос жіберіп алмауға тырысып, оны түрлі құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуге үндеді.