Бас имам «Отан – отбасынан басталады» атты форум жұмысына қатысты
15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай «Отан – отбасынан басталады» атты форум өтті.
Форум жұмысына Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Ғаббасұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлажар Қоянбайқызы, бала құқықтары жөніндегі облыстағы уәкілі Тлектес Аманқосқызы, облыстық, қалалық, аудандық әкім жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру ұйымдары жанындағы ата-аналар комитеттері, әкелер және аналар мектебінің төрағалары, облыстық, қалалық–аудандық аналар кеңестерінің мүшелері, ардагерлер, ҮЕҮ, БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты.
Форум барысында қатысушылар отбасы тәрбиесіне қатысты пікір алмасып, отбасы институтының өзекті мәселелерін шешудің тиімді жолдарын талқылады.