Бас имам Оразмағанбет Тұрмағамбетұлының 140 жылдығына арналған конференцияға қатысты
Қазақтан шыққан тұңғыш геолог ғалым, ағартушы ұстаз, дін және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының белді мүшесі, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Оразмағанбет Тұрмағамбетұлының 140 жылдығының құрметіне Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде атаулы оқу аудиториясы ашылып, халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Ғалымның 140 жылдығына арналған танымдық шараға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Ғаббасұлы, Ш. Есенов университетінің президенті Берік Бахытжанұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, Оразмағанбет ахунның Иранда тұратын ұрпақтары мен туыстары, оның мұраларын зерттеген тарихшылар мен қаламгерлер қатысты.
Оразмағанбет Тұрмағамбетұлының өмірі мен қызметіне қатысты баяндамалар оқылғанан кейін, «Ұлыстың ұлы перзенті» атты тағы бір жаңа жинақтың тұсаукесері өтті.
Бұдан бөлек, Ш. Есенов университетінің ішінен ғұлама ғалымның 140 жылдығы құрметіне арнайы оқу аудиториясын ашылды.