blog Images

Бас имам өрттен зардап шеккен тұрғынмен кездесті

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы жақында ғана өрттен зардап шеккен Ақтау қаласының Зинаида есімді тұрғынымен кездесіп, «Рамазан қоржынын» табыс етті.

Кездесу барысында облыс бас имамы: «Алла Тағала бұл сынақты сабырмен жеңіп шығуға нәсіп етсін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, біз сізге өз мүмкіндігіміздің аясында рухани әрі материалдық тұрғыдан көмек көрсетуге дайынбыз» деді.