blog Images

Бас имам «Мұстафа (с.ғ.с.)» мешітінде уағыз айтты

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе-2 ауылының «Мұстафа (с.ғ.с.)» мешітінде уағыз айтты.

«Қасиетті айға рухани дайындық» тақырыбында уағыз-насихат айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа Рамазан айына рухани азығымызды қамдап, діни тәлімімізді молайтып, бұл мезгілді өз деңгейіне сай қадірлеуге керектігін айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.