Бас имам кітапхана оқырмандарымен кездесті
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапхана оқырмандарымен кездесу өткізді.
«Кітап — біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз» тақырыбында өткен шара барысында Әнуар қажы Ізімбайұлы өзінің жеке қорында көптеген еңбектер бар екенін айтып, кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына екендігін еске салды.
Бұдан бөлек облыс бас имамы ҚМДБ жанынан құрылған «Muftyat» баспасынан бүгінде бірқатар кітаптардың жарық көріп, қалың оқырманның көңілінен шығып жатқанын хабарлады. Соның ішінде «Ихсан – рухани тәрбие негізі», «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» және т.б. айтуға болады.