Вианор,епископ бас имам қабылдауында болды
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде Әнуар Ізімбайұлы Вианор,Орал және Атырау Епархиясының епископ Иванов Павел Николайұлымен кездесті.
Кездесуде дін қызметкерлері елімізде қалыптасқан дінаралық татулық пен келісім, ұлтаралық достық пен бірлікті нығайтудың маңызы туралы әңгімелесті. Сонымен қатар тараптар адамгершілік құндылықтарды насихаттау жайлы пікірлерін ортаға салды.
Кездесуге Маңғыстау облысы дін істері басқарма басшысы Кәдөш Қажымұқан Серікұлы да арнайы қатысты.Орыс православие шіркеуінің қызметкерлері қасиетті Рамазан айымен құттықтап,сұқбат соңында облыс бас имамы қонақтарға мешіт ғимаратын таныстырып,мәртебелі меймандарға естелік ретінде кітаптар сыйға тартты.