blog Images

Бас имам Иранның бас консулымен кездесті

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Ғоламреза Хашеми мырзамен кездесті.

Кездесу барысында облыс бас имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы туралы және оның тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы, сондай-ақ бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ақпан айында орын алған Иран Ислам Республикасына сапары туралы айтып өтті.

Бұдан бөлек, бас консул Ғоламреза Хашемиге Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті таныстырылды.

Кездесу соңында Әнуар қажы Ізімбайұлы жаңадан тағайындалған бас консулдың игі бастамаларына сәттілік, жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.