blog Images

Бас имам «Ержан Хазірет» мешітінде жұма намазын өткізді

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Ақтау қаласында орналасқан «Ержан Хазірет» мешітінде уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

«Қазақ ағартушыларының діндегі рөлі және үлесі» тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа асыл дінімізде өзгелерге білім үйретіп, ағартушылықпен айналысудың маңызы өте үлкен екенін айта келе, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы сынды тұлғалардың көпшіліктің сауатын арттыруға өз өмірлерін арнағанын еске салып, олардың шығармашылығынан мысалдар келтірді.