Бас имам ардагерлерді зиярат етті
9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы ардагерлерді зиярат етіп, қал-жағдайын сұрады.
Алғаш болып бас имам ғасырдан астам ғұмыр сүрген кейуана, тыл ардагері Қанаш қажы Әбілқасымқызының шаңырағына барып, мерекемен құттықтап, батасын алды.
Сондай-ақ Әнуар қажы Ізімбайұлы соғысқа бастап-аяқ қатысып, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған майдангер қарт Асан Аймағамбетовты зиярат етіп, ақсақалдың деніне саулық тілеп, арнайы дұға жасады.