blog Images

Бас имам «Ар-Рахман» мешітінде жұма намазын өткізді

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

«Адал ризық және адал кәсіпкерлік» тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, құлшылық үйіне жиналған жамағатқа асыл дініміздегі адал еңбектің орны мен маңызы туралы айтып, табан ақы, маңдай термен табыс табу Алла жолындағы міндеттеріміздің бірі екенін еске салды.