Бас имам «Ар-Рахим» мешітінде жұма уағызын айтты
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Қарақия ауданында орналасқан Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде уағыз айтып,жұма намазын өткізді.
«Тектілік асыл қасиет» және «Некенің берекеті»тақырыбында жұма уағызын жүргізген облыс бас имамы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа ислам дініндегі некенің негізгі артықшылығы мен пайдаларына тоқталып, ақ некенің адамзат қоғамына деген пайдасы өте көптігін,осыншалықты үлкен мән-маңызы болғаннан кейін Алла Тағаланың ең сүйікті құлдары болған пайғамбарлардың өзі некелесіп, отбасын құруға үлкен мән бергендігін айтып өтті.
Алла Тағала еліміздегі әрбір шаңыраққа, әр отбасыға берекесі мен жақсылығын нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!