blog Images

Бас имам Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде уағыз айтты

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде уағыз айтты.

«Қасиетті Рамазан айына дайындық қандай болуы керек?» тақырыбында уағыз-насихат айтқан облыс бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, құлшылық үйіне жиналған жамағатқа ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өміріндегі Шағбан айының орны туралы айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.